Келінім, сен тыңда

    Серікбаевтар отбасының қызығы мен шыжығы туралы ситком. Көптеген жанұялардың басынан өтетін қызықты оқиғалар көрермендерге өте жақын деп айтуға болады. Себебі, көрермен өзіне етене жақын, таныс оқиғаларды комедиялық қырынан көргенде еріксіз езу тартатыны анық. Қазақы қалжың-қағытпалар жылдам өрбіп отыратын шытырман оқиғалармен үйлескенде, көрермен аудиториясының кең болатынына сенімдіміз. Серікбаевтар елге тек жақсы қырымен танымал.